Жаңалықтар
15 сәуір 2021 ж, 13:18

Карантин күшейтілді

Қазақстанда «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылар әуежай мен теміржол вокзалына кіргізілмейді.
Тиісті қаулыға көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанар Оразалина қол қойды.
Оған сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұрған өңірлерде әуежай мен теміржол вокзалы ғимараттарында жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушыларды кіргізуге шектеу енгізіледі.
15 сәуірдегі жағдай бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары.
115
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan