Жаңалықтар
29 сәуір 2021 ж, 00:11

29 сәуір Қазақстан тарихында

1936 жылы «Алматы ақшамы» газетінің («Социалистік Алматы») алғашқы нөмірі жарық көрді. Оның беттерінде экономика, қала шаруашылығы, мәдениет, медицина, білім беру және тәрбие мәселелеріне арналған мақалалар жарияланды. 
1940 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» пьесасының премьерасы өтті. 
1992 жылы Алматыда Түркияның Қазақстандағы елшілігінің ашылу салтанаты болды. 
2002 жылы «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық кеңесті құру туралы» Жарлық шықты. 
2006 жылы Алматыда Ахмет Жұбанов мұрасын зерттеуге арналған мемориалдық мұражай ашылды. 
2011 жылы Ш. Айтматов повесінің желісімен режиссер Ардақ Әлімқұловтың «Қош бол, Гүлсары!» фильмі Ирандағы Бірінші халықаралық кинофестивальдің арнайы жүлдесін жеңіп алды.
2011 жылы Алматыда КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, режиссер Әзербайжан Мәмбетовке арналған мемориалдық тақта ашылды. 
2017 жылы Қазақстанда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама қабылданды. 
2018 жылы Италияның Пезаро қаласында мемлекеттік «Forte trio» триосы және «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерт ұйымының «Астана сазы» фольклор ансамблі Дж. Россини атындағы ХV Халықаралық музыка конкурсы аясында «Халық әндері» аталымы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. 
2019 жылы
Қазақстанда еріктілер қозғалысын дамыту бойынша qazvolunteer.kz функционалдық онлайн-платформасы іске қосылды.
59
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan