Жаңалықтар
01 шілде 2021 ж, 11:43

1 шілде: бұл күн ел тарихында

1929 жылы Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 
1958 жылы «Қазақ темір жолы» құрылды. Ұзақтығы 11 мың шақырымнан асқан ол 15 бөлімнен тұрды. Қазақстанды Сібір, Орал, Еділ маңы, Қырғызстан және Орта Азиямен біріктіретін барлық магистральдармен қосқан. 
1988 жылы «Алматы ақшамы» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін жазып көрсетеді. 
1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойылды. 
1994 жылы қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев бортинженер ретінде «Мир» ғарыш стансасына сапар шекті. Сапар 176 тәулікке созылды. 
1994 жылы Алматы қаласында Райымбек батыр кесенесінің ашылу салтанаты өтті. 1996 жылы Щучье қаласында ҚР Қарулы Күштері құрамына кіші командирлер кадрын дайындау мақсатында кадет корпусы ашылды. 2000 жылы осы оқу орнына қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы, ағартушы-демократ Шоқан Уәлиханов есімі берілді. 
2013 жылы Қазмедиа ғимаратында жаңа Қазспорт телеарнасының ашылуы өтті. Телеарнаны құру барысында Евроспорт, Sky sport, ESPN, НТВ Плюс спорт сынды шетелдік арналардың тәжірибесі ескерілді. 
2015 жылы «Сағып» шаруа қожалығында дайындалған павлодарлық қымыз Якутияда өткен «Қымыз - құдай берген сусын» атты бірінші халықаралық байқауында үздіктердің бірі болып танылды. Бұл байқауға Моңғолия, Башқұртстан және Тыва, Қырғызстан елдерінде бие сүтінен сусын дайындаушылар, жергілікті ауыл шаруашылығы кооперативтері мен кәсіпорындары қатысты. 
2017 жылы ҚР Ұлттық музейінде «Скифтер алтыны» халықаралық көрмесі ашылды. Онда біздің заманымызға дейінгі VII-II ғасырлардан қалған скиф мәдениеті ескерткіштері көрсетілді. Бірегей артефактілерді Астанаға ресейлік зерттеуші ғалымдар жеткізді. 
2018 жылы Қазақстанда алғаш рет Ұлттық домбыра күні тойланды. 
2019 жылы қазақстандық журналист Ақмарал Баталова Сириядағы шиеленіс туралы репортаждары мен фильмі үшін WinTrade сыйлығында «Жыл әйелі» номинациясын жеңіп алды. А. Баталова – әскери дағдарыс кезінде ресми түрде Сирияға барып, репортаждар жасаған жалғыз қазақстандық журналист. А.Баталованы бұл сыйлыққа Сирия туралы жұмыстарымен танысқаннан кейін Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының өкілдері ұсынды.
130
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan