Жаңалықтар
03 шілде 2021 ж, 11:55

Шілдедегі туған күн иелерін құттықтаймыз!

Астрологтардың пікіренше, шілдеде туған адамдарға өзімшілдік, ұстамсыздық және шыдамсыздық мінездер тән. Өздерін кісі баласына тәуелді етпейді, әрі өте тәкаппар. Дос-жарандарының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс. Барлық сәтсіздіктерге төтеп бере алады және өз тағдырына өкінбейді. 
 
21 ШІЛДЕ  
Маулен КУБЕНОВА, 
орыс тілі пәнінің оқытушысы
Қазақшасы – былдырындай бөпенің,
Одан басқа таба алмайсың жеке мін.
Осы апайдан үйренуге болады
Өз пәніне адалдықтың не екенін.

 









24 ШІЛДЕ
Бақтыбай СЫДЫКОВ, 
арнайы пән оқытушысы
Қазекеңде көп жайбасар әпенді,
Шіркін, үлгі тұтса дейсің Бәкеңді.
Дәлдік пенен нақтылықты нық ұстап
Ештеңеде жібермейтін қате енді.

Бірдеңені айтса, айтқандай дәл істер,
Сертке берік, рухы мықты, намыскер.
Көп нәрсені қайта істейміз көбіміз,
Ал Бәкеңе бір-ақ рет «шанс» бер!

27 ШІЛДЕ
Гүлнұр НҰРМАҒАНБЕТОВА, 
информатика пәнінің оқытушысы 
Кәмпүйтеріңді «шашады»,
Қопарып «миын» ашады.
Гүлнұрдың қолы тиген іс,
Шығады «пәчақ-пашағы».
 
Жұмысқа келсе таңда әрең,
(Болмыста жатыр бар бәлең)
Гүлекең әбден меңгерген
Қоян алуды арбамен.

31 ШІЛДЕ
Гүлзия ҚАЛМАНОВА, 
география, тарих пәнінің оқытушысы
Жұмысыңа Гүлзия айтса нықтай сын,
Кім бетіне қарсы келер?
Шық! 
Қайсың?
Бірде дауыл, бірде жауын, ал бірде
Мамыражай боп жүреді.
Ұқпайсың...
 
100
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan