Жаңалықтар
31 тамыз 2021 ж, 23:05

Қадірменді қауым!

Сіздерді колледж әкімшілігі атынан 1 қыркүйек – Білім күнімен және дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын! 
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің оң иммиджі мен жарқын болашағын қалыптастыратын жастар болса, олардың болашақ мамандықтарды игеру жолында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының алатын орындары ерекше. Осындай игі жолда еліміз бойынша үздік колледждердің қатарында Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі де бар. Бүгінгі оқушы – білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген тұлға болуы керек. 
Осы мақсатқа жету жолында колледж  ұжымы қажырлы еңбек етіп, айтарлықтай табыстарға жетуде. Оның бір ғана дәлелі – «TALAP» КЕАҚ таяуда жариялаған  рейтингісі бойынша колледжіміздің республика бойынша үздік бестіктің қатарында  көрінуі.
Жаңа оқу жылына оқу орынымыз толығымен дайын. Пандемия талаптарының барлық шарттарына сәйкес дайындықтар жасалып, жастардың алаңсыз білім алуыларына толық мүмкіндікпен қамтамасыз етілген. 
Биылғы оқу жылында колледжімізге «Төтенше жағдайларда қорғау», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Құрылыс бұйымдары және құрастырылымдар өндірісі» және «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандықтары бойынша 89 жас талап мемлекеттік грант негізінде оқуға түсіп отыр. Оқушыларымызға осы заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңыздар демекпін! Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар!
     Құрметті ата-аналар! 
Білім саласында болып жатқан жаһандану үрдісіне сіздердің қатысуларыңыз ерекше маңыздылыққа ие болып тұр. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде сіздердің қолдауларыңыз, оқу-тәрбие үрдісіне қатысуларыңыз маңызды шарт. Қазіргідей  білім бәсекесі заманында бірлескен еңбегіміз баларымызды білім шыңына жетелейді. 
     Құрметті ұстаздар! 
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!

Ізгі тілекпен, 
колледж директоры Жәнібек ИСАЕВ.
88
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Ғабит Кәдірбай
1 қыркүйек 2021 01:59
Рақмет!  Жаңа оқу жылы табысты болсын! 
Орынкүл Асанқызы
1 қыркүйек 2021 11:43
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!

Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan