Жаңалықтар
10 қыркүйек 2021 ж, 10:23

10 қыркүйек: бұл күн ел тарихында

1925 жылы сол кездегі Қазақстан астанасы (1925-1929) Қызылордада қазақтың бірінші ұлттық театры құрылды. Театр шымылдығы 1926 жылғы 13 қаңтарда «Алтын сақина» пьесасымен ашылды. 
1992 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көктерек кеңшарында қазақ халқының батыр ұлы, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш ашылды. 
1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Атырау облысы Теңіз ауданын Құрманғазы ауданы деп ауыстыру туралы қаулы қабылдады.
1994 жылы Алматыдағы Кеңсай зиратында халық жазушысы, қазақ ақыны, Александр Фадеев атындағы сыйлықтың және Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтың бейітіне ескерткіш белгі қойылды. 
1996 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары дипломатиялық мектебі құрылды (1997 жылғы ақпанның 28-інен Дипломатиялық академия). 
1996 жылы республикада алғашқы кадет корпусы құрылды. 
1998 жылы ай сайын шығатын «Қазақ батырлары» қоғамдық-саяси, тарихи-археологиялық газетінің бірінші нөмірі жарық көрді.
1999 жылы Австралияның Инебург қаласында өткен дүниежүзілік кинофестивальде Сатыбалды Нарымбетовтің «Көзімнің қарасы» фильміне бас жүлде берілді. 
2005 жылы астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы салтанатты түрде ашылды. 
2006 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сенімді басқаруындағы Степногор кен-химия комбинатының (СКХК) күкірт қышқылы зауыты іске қосылды. 
2017 жылы астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің жабылу салтанаты өтті. 
2018 жылы Алматыда «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысына арналған «Алаш туы астында» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. 
140
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan