Жаңалықтар
04 қазан 2021 ж, 13:33

Стартта – педагогтар (СУРЕТТЕР)

 
Ұстаздар күні мерекесіне орай дене тәрбиесі пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен М.Ералиева атындағы қалалық мәдениет Үйінің ауласында орналасқан спорт алаңында колледжіміздің оқытушылары арасында «Көңілді эстафета» сайысы өтті. Колледж мұғалімдері «Қыран» және «Сұңқар» деп аталатын екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. 
Шара барысында ұстаздар түрлі кедергілер арқылы жүгіріп, кей сәттерде жылдам есеп те шығарып, бәсеке көрігін қыздырды. Эстафетада «Қыран» тобы сәл басымдыққа ие болғанымен, арқан тартыс сайысында «сұңқарлықтар» дес бермеді. Қорытындыда екі топ та тең түскендіктен, жарыс төрешілері қосымша тағы бір жарыс түрінен сынға түсуді ұсынып, нәтижесінде «Қыран» жеңіске жетті. 

 
 
129
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan