Жаңалықтар
06 желтоқсан 2021 ж, 10:59

Желтоқсандағы туған күн иелерін құттықтаймыз!


1 ЖЕЛТОҚСАН 
Амантұрды РАХМЕТОВ, 
алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы
 
Жұмысқа деген жақсы ырқы,
Ол жайлы болмас толғанбай.
Ақшыл демесең шаш-мұрты
Отыздағы оғландай.
 
Әзіл-қалжыңы жарасар,
Қыздармен әсте тату-ақ.
Бұйырса, жүзден әрі асар,
Қарттықтың еркін бақылап!




7 ЖЕЛТОҚСАН

Ботакөз СӘРСЕНОВА,
хатшы-референт
 
Мейлі ол үлкен, болсын жас,
Мейлі ол болсын қатары.
Ешбірін бөліп қомсынбас,
Жақсы көреміз Ботаны!
 
Тілейміз оған жақсылық,
Сәтті жас болсын жас жаңа.
Бақытын құшсын қапсырып,
Болсыншы жаңа бастама!
   






19 ЖЕЛТОҚСАН 

Назгүл ҚАРАБАЕВА, медбике
 
Сөйлемес сөзін долбармен,
Сөзі шын әрі ең ірі.
Қарадүрсіндеу болғанмен,
Халаттай әппақ көңілі.
 
Желтоқсанда туғанмен
Шілдедей ыстық пейілі.
Күндері өтсін думанмен
Емдейді жанды мейірі.







25 ЖЕЛТОҚСАН

Батыржан БАУЫРЖАНҰЛЫ, 
информатика пәнінің оқытушы
 
Компьютер басты болғанмен
Адам жүректі жігітті.
Етене жақын балдармен,
Мұғалім дейміз білікті.
 
Тек жолы болсын жолда мың,
Мақсаттар алға бастырып.
Бағындырып арманын,
Бақытты болсын жас жігіт!






26 ЖЕЛТОҚСАН

Алғадай ДӘУЛЕТОВ, 
дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы
 
Атақты Жамбыл жәкемнің
Алғадайындай арлы ұлды
Үлгі етсін кейбір әпендің...
Өйткені ол өзін зор қылды.
 
Кітап оқиды, тәуірі,
Уақытты босқа өткізбей.
Алғадайды Тәңірі
Мақсаттарына жеткізгей!




30 ЖЕЛТОҚСАН

Данышбай СӘТКЕЕВ, 
арнайы пән оқытушысы 
 
Данышпан ағай Сәткеев
Энергетиканы меңгеріп...
Балаға кейбір сәт кейіп,
Жатқанын мүлде көрмедік.
 
Қуат тілейміз деніне,
Шұбыртып сүйсін шөпшегін.
Еңбегі жағып еліне,
Басынан бақыт көшпесін!
107
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan